Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар тегін оқуға жолдама алды

605
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар тегін оқуға жолдама алды

Оңтүстіктегі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар жоғарғы оқу орындарында тегін оқитын болды. Бүгін облыс әкімі 2017 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша 96 мектеп түлегіне облыстағы жоғары оқу орындарында жолдама берді. Енді бұл жас өрендер өзі таңдаған мамандығына сай тегін білім алатын болады. Айта кетейік, биылғы оқу жылы өңірімізде жетім және ата-аннасының қамқорлығынсыз қалған 208 түлек мектеп бітірді.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар тегін оқуға жолдама алды

Түлектерге сенім білдретінін айтқан облыс әкімі жолдаманы табыстауға кірісті. Мұндай қуанышқа ие болғандардың бірі – Мадлен Мураталиева. №4 балалар үйінің бітірушісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне жолдама алды.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар тегін оқуға жолдама алды

Осылайша үлкен өмірге жолдама алған түлектердің қуанышында шек жоқ. Олар өздерінің қам көңілдерін көтеріп, қамқорлық жасаған облыс әкіміне және игі істің ортасында жүрген басқа да азаматтарға алғысын білдірді.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар тегін оқуға жолдама алды

Облыс әкімі білім басқармасының үндеуіне үн қосып, оқу гранттарын бөлген 12 оқу орнының ректорларын да алғыс айтты. Оқу орындары басшыларының болашаққа қадам басар өрендерге берер ағалық кеңесі бар.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар тегін оқуға жолдама алды

Осылайша балалықты артта қалдырған түлектерге сенім мол. Ендеше, бүгін қолына жолдама алған әр талапкер ертең-ақ еліміздің елеулі азаматы болады деген сенім бар!

Әлия Әділбек