Прокурорлар мен пробациялық есепте тұрғандар футбол ойнады

412
Прокурорлар мен пробациялық есепте тұрғандар футбол ойнады

«Алатау» спорт сауықтыру кешенінде әдеттегіден өзгеше футбол турнирі өтті. Қаратау және Еңбекші аудандық прокуратуралары мен құқықтық-атқару жүйесі және пробациялық бақылау қызметінде тіркеуде тұрғандар, жазасын өтеп шыққандардың құрама командалары жасыл алаңда кездесті.

Жасыл алаңда кәдімгідей ойын қыза түскен. Былғары доп қуған әуесқой футболшылар алты команда арасында мықтыны анықтап жатыр.

Бомбардир Дмитрий Терентьев спорттық шараға қуана қатысып жатқанын айтады. Пробациялық тіркеуде тұрған ол мұндай іс шараның денсаулыққа ғана емес, қоғамға керек екеніңді сезіне түсуің үшін де маңызды дейді.

Дмитрий Терентьев: «Осындай іс-шара ұйымдастырғандарға рахмет! Салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады. Бұл – бірінші жарыс емес. Бұған дейін де шахмат, дойбы ойнап жарысқан едік. Қазір біздің команда жартылай финалға шықтық. Жақсы жағымыздан көрініп, тыныш өмір сүргіміз келеді.»

Жарыс жеңімпаздарына жүлделі орындар беріліп, чемпиондық кубок табысталатын болады. Ал прокуратура қызметкерлері пробациялық есепте тұрған тұлғалармен осындай тағы да спорттық іс шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Жанар Есенбекова