ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Тассай индустриалды аймағына ат басын бұрды. Өңір басшысы мұнда өткен жылы қазығы қағылған АЗИЯ ТРАФО трансформатор зауытының құрылысымен танысты.
Жобалық құны 17 млрд теңгеден асатын зауыттың құрылысына 250 жұмысшы тартылған. Осында 110-120 киловольт кернеулі трансформаторлар шығаратын болады. Қазір Қазақстан мұндай трансформаторларды Қытайдан, Украинадан және Ресейден сатып алып жатыр.
Компания басшылығының айтуынша, енді алып трансформаторларды өзімізде жасаймыз. Зауыттың бірінші кезеңі біткеннен кейін жылына 120 трансформатор дайындайды.
Жәнібек Нұрыш