Шымкентте таяуда ғана жөнделген көпірдің жолы тағы бүліне бастады. 25 мамыр күні жабылып, 10 күн жөндеуден соң қайта қолданысқа тапсырылған Бадам өзенінің көпіріне шұрық тесік пайда бола бастады.
Көпір 1960 жылдары салынған. Мұндағы көлік қозғалысының жиілігі осы уақытқа дейін көпірді күрделі жөндеуден өткізуге мүмкіндік бермепті. Тек биыл өткелден жүріп-тұру қаупі туындап, қала басшылығы көпірді жөндеуді шешкен. Күн сайын арлы-берлі ағылған транзиттік көліктер 150 шақырымға дейін айналып өтуге мәжбүр болды. Жұмысты тез арада аяқтау мақсаты тұрған. Сол себепті биыл өткелді ағымдағы жөндеумен шектеліпті.
Ағымдағы жөндеу жұмысы үшін 500 мың тенге қаражат бөлініпті. Құрылысты «Лидер НК» ЖШС атқарған. Бүгінде көпір үстіндегі асфальт жабынғысында тесіктер пайда бола бастаған. Десе де көлік жүргізушілеріне ол кедергі емес дейді жауаптылар.
Сала мамандарының айтуынша, ойылған жолдар қайта қалпына келтіріледі және 2018 жылдан бастап мұнда жаңа өткел салу жоспарланған дейді.
Нұрлан Күдерұлы