Оңтүстіктің мақталы алқабына су жеткілікті

760
Мақтааралдағы Сейфуллин ауылын полицейлер қоршауға алды

Бүгінгі таңда Оңтүстіктегі Достық каналынан 94 мың гектар мақталы алқаптың 73 мың гектары суарылған. Толық суару жұмысы тамыздың ортасында аяқталады. Ал өңірдегі елдімекендерді су басу қаупінен қорғау мақсатында кешенді жоспар қолға алынған. Бұл туралы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалының мамандары хабарлады. Бұл мекемеле жазда өңірдегі егістікке су жеткізу міндеті жүктелген. Осыған орай Мақтаарал ауданының суармалы жерлерін ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 800 млн теңгеге жуық қажы бөлініпті.

Оңтүстік Қазақстан облысында 43 су қоймасы бар. Соның 19-ы – республикалық меншікте, бесеуі жеке азаматтардың меншігінде болса, қалғандары коммуналды меншікте. «Қазсушар» мекемесінің ОҚО филиалы аталған нысандарға бақылау жасайды. Көктем-күз айларында өңіріміздің оңтүстік аудандарын, әсіресе, Мақтаарал ауданындағы елдімекендерді су басса, жазда егістікке су тапшы болып ауыл ағайындары әлекке түсетіні жасырын емес. Енді биыл су тапшылығын болдырмау мақсатында ауыл шрауашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасымен біршама шаралар атқарылды.

Толқын Балпиқов, «Қазсушар» РМК ОҚО филиалы директорының міндетін атқарушы: «Мақтаарал ауданының суармалы жерлерін ағын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін республикалық бюджеттен 792 млн теңге қаржы бөлінді. Оның 540 млн теңгесі коллектор жүйелерін механикалық тазалау үшін, 80,5 млн теңгесі коллектор суларын пайдалану мақсатында, тағы 171 млн теңге тік дренажды ұңғымаларды жарақтандыруға қажет.»

Осының нәтижесінде ішкі резервтер пайдаланыла отырып биыл Мақтаарал ауданында тік дренажды 37 ұңғыма іске қосылды. Бүгінгі таңда Достық каналынан секундына 100 текше метр су келіп, оның басым бөлігі шаруаларға берілуде. Бұдан бөлек Қазсушар мекемесінің өңірдегі филиалы әкімдікпен бірлесе су басу қаупі бар елдімекендер маңындағы өзен жағалауларына дамба салып, артық суды жинау бойынша кешенді жоспар әзірлеген. Ол жобаларды қаржыландыру үшін үкіметке жіберіпті.

Толқын Балпиқов, «Қазсушар» РМК ОҚО филиалы директорының міндетін атқарушы: «Бес қойма салу үшін 6 млрд теңге қаржы қажет. Және Арыс, Отырар сияқты өзенге жақын орналасқан елдімекендерді су қаупінен қорғау мақсатында 26 млрд теңге керек. Үкіметтен 323 млрд теңге қаржы сұрап отырмыз.»

Соңғы жылдарда су мамандары мен жергілікті әкімдіктің үйлесімді жұмысының нәтижесінде Сарыағаш пен Қазығұрт ауданында су тапшылығы мәселесі біршама шешілді. Бұл – үкімет тарапынан көрші мемлекеттермен достық-іскерлік қарым-қатынастарды нығайту бағытында қолға алған шаралардың нәтижесі.