Шымкентте Қазақстан және Өзбекстан жоғарғы соттарының төрағалары кездесті

254
Шымкентте Қазақстан және Өзбекстан жоғарғы соттарының төрағалары кездесті

Шымкентте Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми мен Өзбекстан Республикасының жоғарғы сотының төрағасы Козимджан Камилов кездесті. Әңгіме басында Қайрат Мәми өзбекстандық әріптесін жоғары сот төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Ал Өзбекстан тарабы қазақстандық сот жүйесінің жұмысымен танысты. Қонақтарға Елбасы бастамасымен қолға алынған Ұлт жоспарының шеңберіндегі сот реформасының жетістіктері таныстырылды.

Шымкентте Қазақстан және Өзбекстан жоғарғы соттарының төрағалары кездесті

Өзбекстандық қонақтар алдымен облыстық сот ғимаратын аралап шықты. Оқу залы, кітапханаға дейін таныстырылды. Сот қызметкерлері кітапханаға жиі бас сұғып, тіпті, қөркем әдебиетті үйлеріне алып кетіп оқиды екен.

Одан соң негізгі ресми кездесу басталды. Қос елдің жоғары сот төрағалары қол алысып, бірлескен жұмыстың бастамасына жол ашты.

Шымкентте Қазақстан және Өзбекстан жоғарғы соттарының төрағалары кездесті

Қазақстан Республикасы жоғары сотының төрағасы Қайрат Мәми бітімгерлік процедураларды және медиациялық енгізудің қазақстандық тәжірбиесіне, электрондық сот төрелігін жүзеге асыруға ерекеше көңіл бөлді. Өзбекстандық әріптесі де бүгінгі кездесудің маңызына тоқтала кетті.

Кездесу соңында Қайрат Мәми Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің биыл Ташкент қаласында өтетін жоғарғы сот төрағаларының кезекті кеңесінің барысында екі елдің жоғары сот арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою бойынша ұсыныс білдірді. Аталмыш құжат көрші қос елдің сот органдарының қарым-қатынасының басты бағыттарын белгілейді.

Жанар Есенбекова