Шымкенттің жасыл желегі қалай суарылады

552
Шымкенттің жасыл желегі қалай суарылады

Шымкент қаласы аумағының өсуіне байланысты ондағы жасыл желектің көлемі де көбейді. Бүгінгі таңда қаламызда жалпы аумағы 200 гектардан астам жасыл алқап бар. Міне, осы көкжелекті аптап ыстықта қуратпай, суару мәселесі маңызды. Бұл жұмыс биыл мықтап қолға алынып, бірқатар жұмыстар атқарылды.

Бүгінгі таңда Шымкент шаһары аумағында 104 көше бойында өсіп тұрған жасыл желек күтіп бапталады. Көктем мезгілінде Шымқалада 650 мың данаға жуық қызғалтақ көшеті егілді. Олар гүлдеп біткен соң жаз қарсаңында тағы 19 мың раушан гүлмен толықтырылды. Бұған қоса Арғынбеков көшесіне 2 мыңнан астам қылқын жапырақты және 6 мыңға жуық түрлі ағаш көшеттері егілген. Міне, осы жасыл желекті суару үшін тереңдігі 120 метрлік 7 ұңғыма қазылды. Егілген ағаш көшеттері осы ұңғымалар арқылы тамшылатып суарылады.

Шымкенттің жасыл желегі қалай суарылады

Қала әкімінің тапсырмасына сай Шымкентте әлі 11 ұңғыма қазылуы тиіс. Тиісінше, енді 2018 жылы тағы 7 ұңғыма қазылады деген жоспар бар. Осылайша шаһар аумағындағы жасыл желектің 70 пайызы жер асты суынан нәрленсе, қалған 30 пайызын механикалық жолмен, яғни, көлік және қолмен суаруға тура келеді. Ол үшін арнайы үш мекеменің 38 техникасы жұмылдырылған.

Шымкенттің жасыл желегі қалай суарылады

биылдың өзінде қаладағы жасыл желекті суару үшін ұзындығы 16 шақырым жаңа құбыр тартылған. Нәтижесінде қаладағы барлық суару құбырының ұзындығы 50 шақырымға жетіпті. Алдағы мақсат – қаладағы барлық жасыл алқапты жерасты суымен тамшылытып және бүркіп суару болып отыр.

Нұрлан Күдерұлы