Тұрақты комиссияның кезекті отырысы

412
Тұрақты комиссияның кезекті отырысы

Облыс мәслихатының кезекті 14-сессиясының қарауына ұсынылған мәселелерді депутаттар тұрақты комиссиялардың отырыстарында талқылауда. Халық қалаулылары бұл жолы Мақтаарал мен Саырағаш аудандарындағы елдімекендерді ауыз сумен қамту мәселесін назардан шығармай, түйіткілді шешуге атсалысуымыз керек дейді. Бұған қоса Шымкенттегі жедел жәрдем қызметінің кешенін кім салатыны анықталды.

Облыс мәслихатының кәсіпкерлікті, құрылыс және коммуналды саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері күн тәртібіндегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша ұсыныстарды қарады. Бұған дейін 18 жоба бекітілсе, биылға тағы 3 жоба тізімге енгізілмек. Әкімдік өкілдері 546 жобаны қарап, 246 жоба іріктеліп алыныпты. Ірі жобалардың бірі – Шымкенттегі жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының жаңғыртылуы. Инвесторлар – түріктер.

Мәжілісте кезекті рет көтерілген мәселе – шалғайдағы Мақтаарал ауданының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету. Өңірде бұған дейін «Таза су», енді «Ақ ,ұлақ» бағдарламаларының жүзеге асырылып жатқанын ескерсек, Мырзашөл мен Саырағаш ауданының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізетін күн туа ма дейді халық қалаулылары.

Мәжілісте Шымкенттегі Еңбекші ауданындағы кәріз жүйесі қазылып, жолдың сол бойы қалпына келтірілмегені де әңгіме болды. Су мамандарының өз міндеттерін орындауына кім ықпал етеді дейді депутат.

Депутаттардың қарауына ұсынылған 4 мәселе бойынша талқылау барысында айтылған сын-ескертпелер алдағы сессияда ескерілуі тиіс. Бұл мақсатта хаттама да түзілді.