«Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

1160

«Нұр Отан» партиясында – жаңа тағайындау. Оңтүстік Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Нұрмахан Жолдасов тағайындалды. Жаңа төраға орынбасарын саяси бюро мүшелеріне облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев таныстырды. Әкім Нұрмахан Миятұлының алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, бірқатар міндеттерді жүктеді.

Нұрмахан Миятұлы еңбек жолын 1977 жылы Шымкент қалалық сүт зауытының механигі болып бастаған. 2001 жылдан бастап көлік, коммуникация және туризм басқармасының бастығы, Шымкент қалалық әкімі аппаратының көлік және байланыс бөлімінің бастығы, облыс әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры, ОҚО әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары – қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Бәйдібек және Сарыағаш ауданы әкімдері қызметтерін атқарған. 2015 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.