Оңтүстік Кореядан келген дәрігерлер қабылдау жүргізуде

338

Оңтүстік Кореялық дәрігерлер ауыр дертке шалдыққан науқастарды қабылдады. Шет елдік дәрігерлердің қабылдауында тірек қимылы бұзылған және қатерлі ісікке шалдыққан азаматтар болды. Дертіне дауа іздеп келген емделушілердің басым бөлігіне Кореялық мамандар ота жасауға кеңес берді.

КИМ ДЖОНГ ШИК қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеп жүрген білікті дәрігердің бірі. Оңтүстік Кореяның маманы облыстық клиникалық аурухана базасында науқастарды қабылдау жүргізді. Шет елдік маманның айтуынша, оның тәжірбиесінде қатерлі ісік ауруын емдеу күрделі іс емес. Тек нәтижелі емнің көрсеткіші дұрыс диагноз қоюға тікелей байланысты дейді.

Тағы да бір Кореялық професор Им Су Бин де нейрохирруиялық аурулар бойынша азаматтарды қабылдады. Шет елдік маманның қабылдауында Амантай Есқараев болды. Жетпістен асқан қарияның тірек қимылы бұзылған. Сондықтан, балдақпен жүреді. Дәрігер оған ауруын емдеу үшін ота жасауға кеңес берді.

Негізінде, облыстық аурухана базасында Кореядан келген үш професор емделушілерді қабылдады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы шет елдің білікті мамандарын арнайы шақыртқан. Мақсат тәжірбие алмасу әрі науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету. Биыл аудандағы 20 аурухананың бас дәрігері Кореяға барып, біліктілігін арттырып қайтты. Бұл жүйе ары қарай да жалғасын таппақ.

Мұхан Егізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: » Бұл ауруханадан 6 дәрігер Кореяға барып, оқып келген. Алдағы уақытта бөлім меңгреушілерін жібереміз. Ондағы мақсатымыз тәжірбие арттыру, жүйемен танысу. Келер аптада дәрігер хирург ота жасайды. Ал келесі айда Латвия мемлекетіне алты дәрігер реаниматолог, неатолог, Израильге бас дәрігерлер жіберілмек. Бұл жүйелі түрде тәжірбие алмасу болып табылады»