Оңтүстіктің энергетиктері республикалық жарыстан жүлдерлі оралды

248
Оңтүстіктің энергетиктері республикалық жарыстан жүлдерлі оралды

Оңтүстіктің энергетиктері ерледі. Қызылорда қаласында өткен электршілер арасында шұғыл жөндеуді ұйымдастыру жарысында «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының командасы жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлады. Осылайша республикалық бәсекеден су жаңа «Нива» автокөлігін тізгіндеді.

Оңтүстіктің энергетиктері республикалық жарыстан жүлдерлі оралды

Бүгін «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының қызметкерлері жүлделі оралған оғландарын салтанатты түрде қарсы алды. Айта кету керек, бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 10 команда қатысты. Олар өндірістік қауіпсіздік, құтқару және желілер мен электр құрылғыларын алмастыру тәртібі бойынша сынға түсті.

Оңтүстіктің энергетиктері республикалық жарыстан жүлдерлі оралды

Бір аптаға созылған шара аясында «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының энергетиктері осымен екінші мәрте аталған жарыста жүлделі үшінші орынға қол жеткізіп, «Нива» темір тұлпарын тізгіндеп отыр.

Мақсат Жақсыбаев