Мектеп медиациясы

1444

Мектеп медиациясы. Құзырлылар бірігіп, жасы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғайды. Дауды сотқа жеткізбеу үшін арнайы меморандум түзілді. Ынтымақтастық туралы меморандумға облыстық адвокаттар алқасының ювеналды заң кеңсесі, Шымкент қалалық білім бөлімі, жастар ресурстық орталығы, «Даму» жастар қоғамдық бірлестігі қатысты.

Дау-жанжалдың деңгейін төмендету, оны сотқа дейінгі реттеу, сотта бітімгершілік процедурасын қолдану үшін өзара әрекеттерді жан-жақты дамыту бүгінгі басқосудың басты мақсаты болды. Соттардың қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелермен меморандумға қол қоюының да себебі осы — Мектеп медиациясы.

Қаланың бас мұғалімін қызықтырған мәселе де осы болды. Жанат Тәжиева заматтардың арыз-шағымын қабылдайтын фронт-офисте медиаторлардың да өкілдігі болса деген ұсыныс айтты. Медиаторлар өз кезегінде мәселелерге тоқталды.

Медиация туралы заң 2011 жылдан бастап қолданылып келеді. Медиаторлар бітімгерлік шаралары соңғы жылдарда қарқын алғанын да айтады.

Сонымен, меморнадумға қол қойылды. Жиналғандар медиация заңы бойынша бірлескен жұмыстарды жақсартуға, іс-шараларды осы бағытта жүйелі түрде өткізуге уағдаласты. Қортындысы қандай болатынын уақыт көрсетеді.