Оңтүстікте ауылға жұмысқа баратын дәрігерге 1 млн теңге беріледі

466

Оңтүстікте жедел жәрдем қызметін енді шетелдік компания басқарады. Осының нәтижесінде облыста жедел жәрдем қызметінің шақырудан кешігу проблемасы шешілмек. Осылай деген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев келесі жылдан бастап түркиялық әріптестермен бірігіп жұмыс жасайтынын жеткізді.

Мұхан Егізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Түркия елінің инвесторы келесі жылы қаржы құйып, шұғыл жәрдемге 80 жаңа көлік сатып алады. Әр көлікте арнайы GPS құрар орнатылады. Соның нәтижесінде жәдел жәрдем қызметі бірыңғай жүйеге көшпек, Нәтижесінде жедел жәрдем кешікпейтін болады.»

Мұхан Егізбаев, сондай-ақ, облыстағы денсаулық сақтау саласындағы тағы бір қуанышты жаңалықпен бөлісті. Енді ауылға баратын дәрігерлерге жергілікті бюдеттен 1 млн теңге берілмек. Осылайша салаға жауаптылар шалғайдағы маман тапшылығын жоймақ.

Ал жылдың соңына дейін облыста кешенді медициналық ақпараттық жүйе қолданысқа енгізілмек. Бұл жүйені іске асыру үшін 8 582 компьютер сатып алынған. Жылдың соңына дейін облыстың барлық медициналық ұйымы компьютермен толық жабдықталмақ. Яғни, бірыңғай сервер медициналық ұйымдарды пациент туралы электронды ақпарат алмасу үшін байланыстырады. Жаңа жүйе қолданысқа енсе, қағаз түріндегі құжат айналымы азайып, науқастардың медициналық ұйымдары арасында жүруін едәуір қысқарады деп күтілуде. Сондай-ақ, облыс халқы республикада алғашқылардың бірі болып электронды денсаулық паспорттарына қол жеткізбек.