Шымкентте «Жедел жәрдем» көлігінде 10 жасар бала қайтыс болды

545

Кеше кешкісін Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің кезекші бөліміне «Жедел жәрдем» қызметкерлерінен хабарлама келіп түскен. Онда Шымкент қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны ауруханаға барар жолда қайтыс болғаны туралы көрсеткен.

Оқиға орнына келіп жеткен Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің жедел-тергеу тобының қызметкерлері қаладағы шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде кәмелетке толмаған 2007 ж.т. Шымкент қаласының тұрғынының үйінде өрт болғанын анықтады. Нәтижесінде 10 жасар бала түтіннен уланған. Көршілер өрт сөндіру және «Жедел жәрдем» қызметін шақырған.

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 105 бабымен «Өзін өзі өлтіруге жеткізу» тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.