Төлешовтың ісіне қатысты үш айыпталушы өз кінәсін мойындады

351
Сот алқасы төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметінен босату туралы Жарлығы бойынша ОҚО сотында кадрлық өзгерістер орын алды

Атышулы Төлешовтың ісіне қатысты тағы да үш айыпталушы өз кінәсін мойындады. Бүгін Еңбекші аудандық сотында үш тұлғаға қатысты үш іс аяқталды.

Сәбит Алдабергенов пен Гүлжан Бексейітова прокурормен процессуалдық келісімге келді. Салық мекемесінің қызметкері бола тұра ҚР ҚПК-нің 361-бабы 2-тармағымен (қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланушылық) өз кінәларын толық мойындады. Жеке кәсіпкер Курваншик Умаров ҚР ҚПК-нің 241-бабы бойынша айыпталған болатын. Яғни, Қазақстанның бухгалтерлік және қаржылық есеп заңдылығын бұзғаны үшін.

Прокурордың ұсынымы бойынша мерзімінің өтіп кетуіне байланысты жауапкершіліктен босатылды. Бірақ 245-бапта көрсетілген салық төлеуден және бюджетке міндетті төлемдерден жалтару бойынша кінәлі деп танылды. Сонымен бұрынғы сыра падишахы Тоқтар Төлешов пен Нұржан Қарақожаев екеуі ғана сот алдында жауап бермек.