Имамдарға жалақы тағайындалды

285
Имамдарға жалақы тағайындалды

Енді еліміздегі мешіт қызметкерлеріне ай сайын айлық төленеді. «УАҚЫП» корпоративтік қайырымдылық қорының есебінен ауыл мешіттеріндегі имамдарға ай сайын 50-60 мың теңге көлемінде жалақы төленбек. Аталмыш шара аясында бүгін облыстық мешітте Ордабасы, Түркістан, Сайрам, Төлеби аудандарына қарасты 80 ауыл мешітінің қызметкеріне ақшалары табыс етілді.

Имамдарға жалақы тағайындалды

Айта кетейік, аталмыш шара тек Оңтүстік өңірінде ғана емес, республика бойынша жүзеге асырылуда. Елімізде 2563 мешіт болса, онда 3800 дін қызметкері бар. Соның 1782-сі – Оңтүстікте. Мамандар келер жылға дейін осы мешіт қызметкерлерінің барлығын қаржылай көмекпен қамтитын боламыз дейді.

Айжан Ермекқызы