Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының берері көп

514
Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының берері көп

Сұранысқа ие мамандыққа машықтанып, кәсібіңізді дөңгелетуге болады. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында осындай мүмкіндіктер қол жеткізе аласыз. Еңбекке епті күнгейліктер осылайша жұмыспен қамтылып, табыстарын еселеп отыр.

Сыздықовтар отбасы жылыжай шаруашылығымен айналысады. Жеңілдетілген пайызбен 5 млн теңге несиесін алған тұрғындар 9 соттық жерге қияр мен қызанақ егеді. Алғашқы жиын-терімнен 15 тонна өнімін алған олар қазір жергілікті нарықтан бөлек Тараз, Қызылорда, Байқоңыр қалаларына да тауар тасымалдауда. Осы науқанда өнім көлемін арттырып, 20 мың тонна көкөніс жинаймыз деп құлшынып отыр.

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының берері көп

Наргиза Исакова бағдарлама аясында ұйымдастырылған үш айлық курсқа қатысып, тігінші мамандығына машықтануда. Психолог мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған ол тігіншілікке ден қояды. Сүйікті ісін тез меңгерген бағдарлама қатысушысы киім де піше алады. Кескіндемелермен жұмыс жасауды да ол курс кезінде үйрендім дейді.

Сала мамандары бағдарлама аясында 12 мыңнан аса тұрғынның қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілгенін айтады. Қазір 30-ға жуық орталықта білім алып жатқан болашақ мамандар білген-түйгендерін тәжірибемен ұштастыруда.

Сала басшысы мұндай шараларға әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындар мен жұмыссыз азаматтар тартылуда дейді. Бүгінде күнгейліктер бағдарлама межесін 90 пайызға игерген.

Мақпал Рысбаева