Шымкент көшелеріне қылқан жапырақты көшеттерді егу жұмыстары қайта жалғасуда. «ЛТД тұрмыс» серіктестігінің мамандары биыл Өтегенов көшесінің бойына қарағай отырғызуды бастады. Жоспар бойынша мұнда 1200 көшет егілуі тиіс.
Қырыққа жуық жұмысшы күн сайын Алматыдан жеткізілген қарағай көшетін егеді. Бүгінге дейін 800-ден астам көшет отырғызылған. Сала мамандарының айтуынша, көшеттердің биіктігі 2,5 метр және оңтүстіктің ауа райына бейімделген. Бұдан бөлек Арғынбеков көшесінде өткен жылы отырғызылып, жерсінбей қалған 400 қырым қарағайының орнына көшет қайта егілген.
Нұрлан Күдерұлы