Шымкентте нәрестенің мәйітін қоқысқа тастап кеткен ана ұсталды

383
Қоқыс

Шымкентте нәрестенің мәйітін қоқысқа тастап кеткен ана ұсталды. Жедел іздестіру нәтижесінде полицейлер көкек ананы Астана қаласынан тапқан. 26 жастағы азаматша қазір қамауда.

Аталған жайт қылмысты кодекстің 100-бабы (жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша Шымкент қаласы Абай полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Бірнеше сараптама тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, 20 қазан күні Шымкент қаласындағы Абай ауданының аумағындағы қоқыс алаңында нәрестенің мәйіті табылған. Оқиғаның мән-жайын анықтау және күдікті әйелді іздестіру мақсатында Абай полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды, нәтижесінде көкек ана Астана қаласынан табылып отыр.