Шымкентте түрік фильмдері апталығы басталды

285
Шымкентте түрік фильмдері апталығы басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай түрік фильмдерінің апталығы басталды. Іс-шараны Түркияның мәдениет министрлігі мен ОҚО әкімдігі ұйымдастырып отыр. Апталық аясында 1-5 қараша аралығында Шымкент қаласындағы «Shymkent Рlaza» ойын-сауық орталығының кинозалында тарихи, драма бағытындағы фильмдер күнгей көрермендерінің назарына ұсынылатын болады.

Шымкентте түрік фильмдері апталығы басталды

Апталықтың салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Түркиядан келген қонақтар — Еуразия азаматтық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исмаил Сафи, Түркияның еңбек сіңірген қайраткерлері мен режиссерлары Ерхан Байтемур, Кюршат Кызбаз, киноактерлар Тургай Аталай, Ачелья Элмас, Фуркан Палалы қатысты.

Шымкентте түрік фильмдері апталығы басталды

Жалпы бұл көрсетілімнің басты мақсаты түркі елдеріне ортақ, мəдениеті мен əдебиетін арқау еткен тарихи фильмдерді насихаттау, кинорежиссерлер мен актерлар арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, тəжірибе алмасуға жол ашу болып табылады.

Шымкентте түрік фильмдері апталығы басталды

Кино кез келген мемлекеттің мәдени айнасы екенін айтқан облыс әкімі мұндай туындылар халықтың тұрмыс-салты мен дәстүрін дәріптейтін құрал болып саналатынын жеткізді.

Шымкентте түрік фильмдері апталығы басталды

— Бүгінде бүкіл әлем кино мен телехикая саласына үлкен ден қойып  жүр. Біздің елімізде де кино саласына жіті көңіл бөлініп, кеңінен насихатталып келеді. Себебі, кино жай ғана өнер емес, ол қоғамның ұлттық идеологиясын қалыптастыратын негізгі құралдың бірі. Сондықтан кез келген мемлекет өз киноиндустриясының дамуына зор мүмкіндіктер жасайды. Ал кино мен анимация саласы да Оңтүстік Қазақстан облысында да дамып келе жатыр. Кино саласында жүрген азаматтар Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсеткен ұлттық рухты арқау еткен дүниелерді түсіру  арқылы өскелең ұрпақтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятып, патриоттыққа тәрбиелеуіміз қажет. Осы бағытты мақсат тұтқан облысымыздағы жеке киностудиялардың 40-тан аса көркем фильмі көрерменге жол тартты, — деді әкім.

Шымкентте түрік фильмдері апталығы басталды

Көрсетелімдер кестесі:

5-зал, 1 қараша күні сағат 20:30-да «Спецназ в Сирии» фильмі;

3-зал, 2 қараша күні сағат 18:00-де «120» фильмі, сағат 20:10-да «Длинная история» фильмі;

3-зал, 3 қараша күні сағат 18:00-де «Моя любовь», сағат 19:45-те «Джан» фильмі;

3-зал, 4 қараша күні сағат 18:00-де «Свет моих очей», сағат 19:35-те «Последнее письмо» фильмі;

3-зал, 5 қараша күні, сағат 19:35-те «Старик пекарь: Секрет любви» фильмі.

Түрік фильмдері апталығының жабылу салтанаты «Shymkent Рlaza» ойын-сауық сауда орталығының 3-қабатында өтеді. Еске салайық, бұл туындылар апталық аясында тегін көрсетіледі.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Самат Мырзалиев