Шымкентте жаңа «Фора» дүкені ашылды

795
Шымкентте жаңа

Шымкенттің қақ ортасынан «Фора» техника дүкені ашылды. Жаңа мекенжайда орналасқан дүкен тұрғындарды түрлі жеңілдіктер және сыйлықтар ғана емес, ең бастысы, сапалы техникамен қамтамасыз етпек. Компьютер мен тұрмыстық техника таңдауда мол мүмкіндікті сіз де пайдаланыңыз.

Оннан аса жоғары сапалы, анық көрсететін теледидар мен ұялы телефон, планшеттің соңғы үлгілері, әшекей бұйымдар. Шымшаһарда жаңа «Фора» компьютер және тұрмыстық заттар дүкені тұрғындарға есігін айқара ашты. Тек сапалы тауарлармен қуантқан дүкен басшылары мерекеге орай «7 күн – супер баға!» акциясын бастап кетті. «Фораның» алғашқы 100 тұтынушысы түрлі сыйлақтарға ие болды.

Мұндай сыйлықтар мен түрлі ұтыс ойындарын «Фора» дүкендер желісі алғаш рет ұйымдастырып отырған жоқ. Тосынсыйдың иегері атанып, жолы болғыштар тек сапалы техника мен мол көлемді қаржыға ғана ие болмайды, тіпті пәтерге де қол жеткізуі мүмкін. Ал компанияның 20 жылдығына орай жаңа жыл қарсаңында «Фораның» Шымкент қаласында тағы бір дүкен желісі ашылмақ.

Ал дүкеннің алғаш жұмыс күні-ақ тұрмыстық техниика сатып алуға 100-ге жуық тұрғын келіпті. Олар осылайша өз таңдауларын «Фора» дүкенінде жасамақ.

Наиля Саттарова, Шымкент тұрғыны: «Бүгін дүкеннің ашылуына арнайы келдім. Сыйлыққа теледидар сатып алсам деймін. Жаңа дүкенде таңдау көп екен. Қуаныштымын. Бұған дейін де «Фораның» техникаларын сатып алғанмын. Сапасы ұнайды.»

Одан арзанды таппассыз. «Фора» дүкенінде ең төмен бағалар. Ал түрлі техниканы қолма-қол ақша немесе 4 жылға несиеге және 12 айға еш өсімсіз бөліп төлеп алуға болады.

Мекенжайы: Қонаев және Тәуке хан даңғылдарының қиылысы, Мега Планет сауда үйіне қарсы бетте. Жұмыс уақыты таңғы сағат 10:00 мен кешкі 22:00 аралығы.

Шымкентте жаңа "Фора" дүкені ашылды

Махаббат Әбдешова