Тараздың тұрғыны Шымкентте 5,5 келі есірткімен ұсталды

255
Тараздың тұрғыны Шымкентте 5,5 келі есірткімен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары 5,5 келі есірткі алып жүрген Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Шымкент қаласының маңындағы Леңгір тасжолында «Хундай» автокөлігін тоқтатады. Көліктің ішінде отырған жолаушы, Тараз қаласының 50 жастағы тұрғынынан екі полиэтилен пакетте оралған шөптесін зат анықталып, тәркіленіп алынды.

Тараздың тұрғыны Шымкентте 5,5 келі есірткімен ұсталды

Бұдан кейін полицейлер күдікті әйелдің Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерін тінту барысында 7 орама марихуана есірткі затын тауып, тәркілеп алды. Сот-криминалистикалық сараптамаға сәйкес тәркіленген заттың шамамен 5,5 келі кептірілген марихуана екені анықталды.

Аталған жайт негізінде қылмысты кодекстің 297-бабы (есірткі затын заңсыз пайдалану, сақтау және тасымалдау) бойынша іс қозғалды. Күдікті қамауда жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.