Шымкенттің жаяу жүргіншілер жолы да қардан тазаланады

350
Шымкенттің жаяу жүргіншілер жолы да қардан тазаланады

Шымкентте жауған қар көп жатпайды. Биыл Беларуссиядан жектізілген техника көше қарын жылдам тазалап, көктайғақтың алдын алады. Алғашқы жауған қарды тазартуға шыққан трактор тротуарларды тазалап, жаяу жүргінші жолын ақұлпадан аршыған. Сондықтан болар, сала мамандары жаяу жүру қауіпсіз деп сүйінші сұрады.

Жақында ғана «ЛТД тұрмыс» мекемесіне Беларуссиядан жаяу жүргінші жолын тазартатын 4 трактор әкелінген. Техника жыл сайын назардан тыс қалатын жаяу жүргінші жолын тазалайды. Нәтижесінде көктайғақта тайып, майып болатындардың саны азаяды дейді сала мамандары. Биыл қыста жаяу жүргінші жолына шағым болмайды деп сендіреді. Алайда қаланың қақ ортасындағы жаяу жүргіншілер жолы көк мұз. Мұндай трактор түгілі қол күректің де ұшы тимеген.

Бұдан бөлек биыл ЛТД тұрмыс мекемесі қар таситын 16 арнайы техника алғызыпты. Кешегі қарда қала көшелеріне 44 техника шығып, 91 көшені тазалаған. Ал «Югдорсервис» мекемесі 23 техника шығарыпты. Жалпы биыл қоймаға 24 мың текше метр инертті материал жеткізілген.

Осылайша жұмысшылар қаланың басты көшелері қардан толық тазартылып үлгерген.жаяу жүргінші жолдарына құм мен тұз себеліп жатыр. Бір сөзбен айтқанда биылғы қыста шымкенттіктер қиналмайды дап сендірді жауаптылар.

Нұрлан Күдерұлы