Мақтааралдықтар халықтар достығын паш етті

465
Мақтааралдықтар халықтар достығын паш етті

Шымкент қаласындағы Қазақстан халықтары достығы үйінде Мақтаарал аудандық қоғамдық келісім мекемесінің ұйымдастыруымен Мақтаарал аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары және ырысы мен ынтымағы жарасқан түрлі этнос өкілдері мерекелік концерт қойды.

Мақтааралдықтар халықтар достығын паш етті

«Кез келген этносты жақындастырып, біріктіретін – мәдениет» ұранын ұстанған іс-шара өте жоғары дәрежеде өтті. Елімізді мекендеген түрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық ән-биін орындап,жүздері бал-бұл жайнаумен көрерменінің көңілін көтеріп, біртұтас Қазақ елінде тату-тәтті күн кешіп жатқанын барша әлемге паш етті.

Мақтааралдықтар халықтар достығын паш етті

Ел алдына шығып, жанды жайнататын концерттік бағдарламаның ұстанған міндеті – Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайту, жастарға эстетикалық, рухани ізгілік тұрғыдан тәрбие беру, жас буынның туған елге деген патриоттық сезімін арттыру, түрлі этностық топ өкілдері арасында қазақ ән өнері мен мәдениетін терең меңгерген жастарды көпшілікке танытумен қатар, оларға қолдау көрсетіп, үлкен сахнадан көрінулеріне ықпал ету екені қуантады.

Мақтааралдықтар халықтар достығын паш етті

Адам жанын ізгілікке бөлейтін, әр ұлт өкілдерін татулық пен бейбітшілікке үндейтін Достық үйіндегі өнеге тұтарлық істер алдағы уақытта да көңілдерге шуақ құя бермек.