«Достық сыйы» акциясы басталды

288

Оңтүстікте «Достық сыйы» акциясы басталды. Игі бастама аясында өңірдегі этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері бір-біріне сый жасауда. Шараның алғашқы күнін түрлі ұлт өкілдері думандата тойлап, өзара татулықтарын біріктіре түсті.

vlcsnap-2016-04-18-11h40m02s170

Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған мұндай шара өңірде алғаш рет өткізілуде. Мамандар осындай бастамалар арқылы түрлі ұлт өкілдері арасында өзара татулықты нығайтпақ. Сондай-ақ бұл шараның басталуы 1 мамыр – Достық күніне орай өткізілуде.

Бүгін армян этно-мәдени орталығы түрік халқына арнайы келіп, алғысын білдірді. «Бәріміз бір қазақстандықпыз» ұранын ұстанғандар елдің тыныштығы мен бірлігін сақтауға бекінген. Түрлі ұлт-өкілдері бір-біріне сый көрсетіп, естелікке сыйлықтарын тартуда. Сондай-ақ, армяндардың алғысын арқалаған түріктер күрд этно-мәдени орталығының өкілдеріне құттықтап келді.

vlcsnap-2016-04-18-11h42m13s223

Айта кетейік, өңірде жиырмаға жуық этно-мәдени бірлестігі жұмыс істейді. Акция аясында түрлі ұлт өкілдерінен құралған орталықтың мүшелері бір-біріне тарту жасайды. Игі бастама 1 мамырға дейін жалғаспақ.