Шымкентте қатты дауыл әп-сәтте қаланы астаң-кестең етті

524

Боранды түнде, қатты дауылдың салдарынан қаладағы мерекелік шыршалар құлады. Облыс әкімшілігі ғимаратының алдындағы және Әл Фараби алаңы мен Ш. Қалдаяқов аллеясында жаңа жыл мерекесінің құрметіне орай қойылған шырша құлап түскен.

Сондай-ақ, төтеншеліктер боранды түнде жолда тұрып қалған сегіз адамды құтқарып, дер кезінде көмек көрсетті. «Ауа-райының қолайсыздығынан Алматы – Ташкент – Термез тас жолы жабық» – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаменті. Дауылды түнде Байтұрсынов көшесінде орналасқан төтенше жағдай департаментіне қарасты нысанның шатыры ұшып кетті.

Қатты желдің кесірінен көшеде қойылған бағдаршамдар да қирап қалды.

Қаланың басым бөлігінде жарық өшіп қалған. Салаға жауаптылардың сөзінше желдің кесірінен қираған орындар қазір қайта қалпына келтіріліп жатыр.

Лаура Мамырова