Үздік спортшыға тұлпар мінгізді

466

Қасиетті, қазыналы топырақ Бәйдібек ауданынан түлеп ұшқан таланттар аз емес. Бүгінде олардың біразы өнер әлемінде, спорт саласында ауданның атын шығарып, тек облысқа ғана емес, бүкіл әлемге еліміздің атын әйгілеп жүр. Талмай талаптанып, ерінбей еңбек еткен асыл ұрпақтарын шаяндықтар да құрметке бөлеуде. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын?» дегендей олар үшін құрметтің орны ерек.

Қаңтар айының алғашқы күнінде Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылындағы Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған мерекеде қазақша күрестен Қазақстан Республикасының спорт шебері, әлемнің екі дүркін чемпионы, аудан тумасы Қасымхан Төленбай Бахтыбекұлына аудан әкімі Бақытбек Танагөзов «Жылдың үздік спортшысы» номинациясын арнайы табыстады. Табыстап қана қоймай, әйгілі спортшыға тұлпар мінгізді.