Ән жазып сатсаңыз… сотталасыз

370
Шымкент тұрғындарын миллион теңгеге алдаған алаяқтар ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі Істер Департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша ақпараттық технология саласында 20 қылмысты ашып, авторлық және зияткерлік құқыққа қатысты 60 фактіні анықтаған. Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД полицейлері ҚР ІІМ бекіткен авторлық және зияткерлік құқықты бұзушылыққа қарсы іс-қимыл және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған қылмысты ашу үшін тұрақты түрде жедел және алдын алу іс-шаралары жүргізіліп тұрады.

Соның ішінде аталмыш қылмыстар санын азайту шаралары да бар. Өткен жылдың 12 айында облыстық ІІД-нің криминалдық полиция қызметкерлері ақпараттық технология саласында 20 қылмысты ашып, авторлық және зияткерлік құқыққа қатысты 60 құқықбұзушылықты анықтады.

Заңсыз айналымнан 4 мыңға жуық контрафактілік аудиовизуальдық өнім тәркіленді. Мәселен былтырғы жылдың қараша айында «Контрафакт» ЖАІ кезінде полиция 30 жастағы Леңгір қаласының тұрғынын ұстады. Ол флеш картаға және дискіге эстрада орындаушыларының музыкалық шығармаларын жазып, оны сатып келген. Осы факт Төле би аудандық ІІБ-нің БСТТ-іне ҚР ҚК-нің 198-бабымен «Авторлық және сабақтас құқықты бұзу» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.