Өткен жылы 3 адвокаттың қызметпен айналысуға лицензиясы тоқтатылды

295

Өткен жылы 3 адвокаттың қызметпен айналысуға лицензиясы тоқтатылды. Осынша қорғаушыға қатысты арыз-шағымдар қаралды дейді Әділет департаментінің өкілдері.Түрлі салалардағы заңсыздықтардың жолын кескен сала мамандары былтырғы жылда атқарылған жұмыстарды қорытып, тілшілер алдында есеп берді.

Былтыр облыста 5 нотариустың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Әділет органдарының талап- арызы негізінде ісі сотта қаралған 1 нотариус лицензиясынан айрылды. Көрсетілетін қызметтердің заңдылығы мен іс жүргізу ережелерінің сақталуы Әділет органы өкілдерінің назарында.
Жарнамасы жер жаратын Фейри, Белизна сауда белгілерін заңсыз пайдаланып, оңай жолмен пайда тапқысы келетіндердің жолы кесілді. Сырт қарағанда бұл тауарлардың тұпнұсқасынан еш айырмасы жоқтай көрінеді. Алайда, жапсырмадағы кей жазбалар мен таңбаларға мән бере қарасаңыз, пысықайлардың шалалығын байқау қиын емес дейді мамандар.

Жуырда әйгілі «Пионер» ұнының тауар белгісі де айлакерлерге май шелпек бола жаздапты. Арнайы қаптамаларға салынған күманды сорттағы ұндар жасырын қоймадан табылған. Пысықайлардың жолын кескен әділет органы өкілдері заң бұзушылықтарды айыппұлға тартыпты. Айта кетейік, бір жыл ішінде тауар таңбаларын заңсыз пайдалануға қатысты ұзын-ырғасы 15 іс қаралған.
СНХ:Мейіржан Исабеков – Облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары
Жеке сот орындаушыларының қызметіне да бақылау күшті. Былтыр 100-де аса сот орындаушы тәртіптік шараларға тартылып, тиісті министрлікке лицензияларын тоқтата тұру туралы 13 ұсыныс жолданған. Ал қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған бір сот орындаушының ісі сотқа жеткен дейді әділет органы өкілдері.