«Азаматтық некеде тұратындар өте көп…»

475

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі АХАТ секторының бас маманы Карима Тұрғынбекова:

         – 2017 жылы қанша азамат некеге тіркелді?  

      – Былтыр Шымкент қаласы бойынша 6 891 адам некеге тұрды. 2016 жылға қарағанда 220 адамға аз. Әрине, бұл миллион тұрғыны бар қала үшін қала заңды некеге тұру мәліметтері бойынша аз боп есептелінеді.

     – Мұның себебі неде?

     – Бүгінде азаматтық некеде тұратындар өте көп. Заңды некеге тұруға жастарымыз асықпайды. Оның әртүрлі себеп, салдары бар шығар. Дегенмен заңды некеге тұру жастардың өз еркінде.

     – Ажырасуға қанша өтініш келіп түсті?

    – 2017 жылы қала бойынша 2 521 адам заңды некелерін бұзды. Бұл некеге тұрғандардың үштен бірі. Іргесін ажырату әр азаматтың өз құқы. Өздері шешім қабылдап келіп тұрған жағдайда олардың құқығына қол сұға алмаймыз.

    – Некені онлайн тіркеу жөнінде айтып өтсеңіз…

     – Қазіргі таңда электронды түрде өтініш беру кеңінен қолданылуда. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан жеке электронды қолтаңбасын алып, сол арқылы өтініш беруіне болады. Ол үшін egov,kz порталы арқылы тіркеле алады. Онда қай қаланың тұрғыны екендігін көрсетуі тиіс. Тіркелгеннен кейін электронды поштасына хабарландыру жіберіледі. Онда қай күнге некені тіркеу белгіленгені көрсетіледі. Ал мемлекеттік бажды төлеу үшін банк есеп картошкасы болуы керек. Сол арқылы онлайн төлей алады. Ал мемлекеттік баж салығы 2 405 теңге болып белгіленді.

    – Қандай құжаттар қажет?

    – Некеге тұрушылардың жеке куәлігі керек.