«Отырар» телеарнасы АҚШ-тың Алматыдағы консулдығының пресс-аташесі Дональд Килбургті достық рәуіште қабылдады

413

Елбасының Вашингтонға сапары қарсаңында америкалық дипломаттар БАҚ-өкілдерімен де кездесуде. Бұл ретте біздің редакция да шетелдіктердің назарынан тыс қалмады. Біздің медиахолдинг АҚШ-тың Алматыдағы консулдығының пресс-аташесі Дональд Килбургті достық рәуіште қарсы алды. Мәртебелі қонақ ақпарат айдынында 25 жылдан бері хабар таратып отырған «Отырар» телеарнасының редакциясымен танысты.

Ұжыммен кездесіп, шығармашыл қауымның қайнаған тыныс-тіршілігіне қанықты. Дональд Килбург Мексикада түрлі лауазымдарды атқарған 20 жылдық тәжірибесі бар дипломат. Соңғы жылдары Қазақстанда қызмет етіп жатқан оны жергілікті БАҚ өкілдерінің жұмысы қызықтырады. Шетелдік әріптесті газет пен сайттың және телеарнаның басын біріктіріп отыған медиахолдингтің коневергентті редакциясының жұмысына тәнті етті.