«Шарик марикшілер» құрықталды

475

Оңай ақша табудың жолына түскендер «Шарик марик» ойынын ойнатып талайларды зар қақсатушы еді бұрын. Тәртіп сақшыларының қудалауына ұшырағаннан кейін біраздан бері бой көрсетпей кеткен болатын. Бүгінде алаяқтықтың осы түрін «жанына серік» еткендер қайтадан бас көтере бастады. Олар қала көшелерін місе тұтпай, мал базарларын жағалай бастапты.

Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне 1967 ж.т. жергілікті тұрғын арызданған, онда мал базарлардың бірінде белгісіз тұлға алаяқтық жолмен одан 140 мың теңсесін алғанын көрсеткен. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190 «Алаяқтық» бабымен СДТБТ-не тіркелген.

Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті 1992 ж.т. Сайрам ауданының тұрғынын ұстады. Полицейлердің анықтауынша 25 жастағы алаяқ базарға келушілерді ұтыс ойынын ойнауға тартып, шардың қайда қайда орналасқанын табуды ұсынып, осындай алаяқтық жолмен ақшаларын алып кеткен.

Тергеу барысында күдіктінің екі алаяқтық жайтына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 200 мың теңгеден астам болып отыр. Қазіргі таңда аталған жайттар бойынша «алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.