Шымкенттегі шатқалдарға биыл 55 мың жасыл желек егілді

560
Шымкенттегі шатқалдарға биыл 55 мың жасыл желек егілді

Өткен жылы қолға алынған «Шатқал» бағдарламасы аясында биыл Шымкенттегі жеті шатқалда  55 мыңға жуық көшет егілді. Сонымен қатар аталған шатқалдардағы 26 мың текше метрден астам жер көгалдандырылды. Ал көшеттердің жайқалып өсуі үшін жыл басынан бері 17 ұңғыма қазылып, 26 су қоймасы жасалды. Сол арқылы 30 шақырымға жуық суғару жүйесі тартылып, 16 шақырым болатын шатқал аумағы қоршалды.

Шымкенттегі шатқалдарға биыл 55 мың жасыл желек егілді

Таяуда облыс әкімі Ж.Түймебаев, қала әкімі Н.Сауранбаев және ерікті жастар мен қала тұрғындары бірлесе аумағы 38 гектар жерді құрайтын Самал шатқалында қарағаш көшеттерін отырғызды.

Ағаш егу қасиетті де ұлағатты іс екенін айтқан аймақ басшысы аталған демалыс орындары өңір тұрғындарының таза ауада тынығып, демалуы үшін жасалып жатқанын айтты. Сонымен қатар ол саябақтардың тазалығы мен дамуына бірлесе күш салу қажеттігін атап өтіп, болашақта жаяу жүргіншілерге арналған жол салынып, оның бойынан сауда орындары салынатынын да жеткізді.

Шымкенттегі шатқалдарға биыл 55 мың жасыл желек егілді

Самал шатқалында құрылған күннен бері емен, айлант, үйеңкі, шаған, боз арша, аққайың, қарағаш сынды 11 мыңнан астам көшет егілген болса, бүгін жүз түптен астам қарағаш көшеті егілді. Мұнда суғаруға арналған 7 бөшке мен 5 тік су ұңғымасы бар. Шатқалда 5 адам тұрақты жұмыс істейді.

Шымкенттегі шатқалдарға биыл 55 мың жасыл желек егілді

Қазіргі таңда Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен қолға алынған жобалардың бірі – «Шатқал» бағдарламасы сәтті жүргізіліп келеді. Содан бері бос жатқан сай-салаға көшеттер егіліп, саябаққа айналуда.

Шымкенттегі шатқалдарға биыл 55 мың жасыл желек егілді

Жалпы  Шымкент қаласындағы 7 шатқалдың жалпы аумағы 124 гектар жерді құрап отыр. Осы шатқалдарда бүгінде тамшылатып суғару жүйесі орнатылған. Сондай-ақ, көшеттерді күтіп-баптау үшін әр шатқалда тұрақты мамандар жұмыс істейді. Жалпы егілген көшеттердің өнімділігі 75 пайызды құрайды. Оның арасында табиғи қурау процесі бар. Мамандардың айтуынша, бұл жоғары өнімділікті көрсетеді. 

Шымкенттегі шатқалдарға биыл 55 мың жасыл желек егілді

Алдағы уақытта Нұрсәт шағынауданындағы Қасірет мемориалы тұсында Қайтпас-2 шағындаудандағы атшабар маңында және Бозарық, Бозарық-2, Таскен шағынаудандарында, Алматы-Ташкент бағытында жалпы аумағы 690 гектарға жуық шатқал аумағына көшет егілетін болады.

Шымкенттегі шатқалдарға биыл 55 мың жасыл желек егілді

Айта кетейік, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде «Шатқал» бағдарламасымен 400 мың түптен астам жасыл желек егілген.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі