«Жаңа күн» бағдарламасының кезекті қонағы Шымкент қалалық әкімдігінің тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Жаманкөз:
— Қалада тұрса да құдыққа телміріп, ауыз суға жарымай отырған шағынаудандар бар ма?
— Бізде 7 елдімекенде ауыз су тасымалданады, Айкөл, Ақжар, Ынтымақ 2, Тұран шағынауданы. Былтыр Тұран шағынауданына қаржы бөлініп, магистральды су апарылып үйме үй су тартып жатыр. Таза ауыз суға қол жеткізді. Жылдың аяғында бітірдік. Ақжар ауылының жобасын биыл аяқтауға ұсыныс бергенбіз. Қызылжар елдімекені Сайрам ауданынан қосылған. Одан бөлек Көкбұлақ, Игілік, Жаңаталап елдімекендері бар. Жүйелер Кеңес кезінен бері қолданыста болған. Сол жүйелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізбесек болмай тұр. Жүйелер сонша жыл жердің астында тұрған, ешқандай қызмет көрсету жұмыстары жүргізілмеген.
— Ол жақта таза ауыз су болмаған ба?
— Мемлекеттік бағлдарлама аясында Сайрам ауданы әкімдігі ауыз су жүргізген. Ол жерлерде су ұңғымалары да бар. Бірақ ешкім жөндеу жүргізбеген. Сол себепті жүйелерге ағымдағы жөндеу жүргізіп, сапалы ауыз су беруге мүмкіндік бар. Ауыз су жүйесі мүлдем жоқ елдімекендерге әкімдіктің тапсырмасы бойынша жобасы дайындалып жатыр. Орталық ауыз су жүйесіне толық 5 елдімекенді қамтамасыз етуге. «Орманов» ЖШС-і жобасын жасап жатыр. Қазір магистральды су құбырына «Су Маркетинг» ЖШС — інен техникалық шарт алынды. Сол жерде қосылатын нүктесі бар. Жоба бойынша аяқтап, тарату жүйесімен, магистральді су жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл жобаны 2018 жылы аяқтау жоспарланған. Сол жоспар бойынша аяқтасақ Қызылжар елді мекеніндегі су жүйесінің құрылысына 2019 жылы ұсыныс береміз.