Автокөліктен ақша ұрлаған

394

Өткен жылдың қараша айында Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне Түркістан қаласының тұрғыны арызданған, онда қаладағы автокөлік базарының бірінде көлік алу мақсатында келген «Лада ларгус» маркалы автокөлігінің ішінен белгісіз тұлға үлкен көлемде ақшасын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Оқиға орнына бірден Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің полиция қызметкерлері келіп жеткен. Полицейлер жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында 20-25 жас шамасындағы күдікті азамат ұсталды. Бұрын-соңды сотты болған.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188 «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған күдіктінің басқа да автокөліктен жасалған ұрлықтың 8 жайтына қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңгеге жуық болып отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары Шымкент қаласының тұрғындарына ұрылардың құрбаны болмау үшін, өзінің мүлкіне мұқият болуын ескертеді, көлікті ашық қалдырмау, көлікті ақылы автотұраққа қойып, дабыл қондырғыларын орнату, ақша және бағалы заттарды қараусыз көлікке тастап кетпеу секілді сақтық шараларын жасауға кеңес береді. Бұл сақтық шараларының сақталуы ұрлық жайттарын айтарлықтай азайтады.