«OŃTU`STIK» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

951

«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ерлан Қариннің бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан облыстық филиал директоры болып, Бердімұратов Бауыржан Қамбарұлы тағайындалды.

Бауыржан Бердімұратов 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында туылған. Жоғары білімді Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Педагогикалық университетін тәмәмдаған. Мамандығы бойынша – филолог. Кейінгі жылдары Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде экономика және басқару мамандығы бойынша оқыды.

Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында редакторлықтан бастап, басшылық қызметтер атқарған. 1996-1998 жылдары аралығында Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ мемлекеттік политехникалық университетінде аға оқытушы, 2009-2015 жылдары республикалық «Рахат ТВ» телеарнасының директор-бас редакторы болып абыройлы қызмет атқарды. 2017 жылдан бастап бүгінге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз хатшысының орынбасары болып еңбек еткен. Жаңа басшыға жауапты қызметте толайым табыстар тілейміз!