Шетелдіктерге жер мүлдем сатылмайды, жалға да берілмейді

527

«Шетелдіктерге жер мүлдем сатылмайды, жалға да берілмейді». Қоғам белсенділері осындай пікірде. Айта кетейік, 16 ақпан күні Астанада ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, Мәжіліс комитетінің депутаттары мен қоғам белсенділері жер туралы заң жобасын талқылаған болатын.

Келелі жиынға қатысып келген қоғам белсенділері Шымкентте арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Онда белсенділер жиынның қалай өткенін және құжаттағы кей тұстарды талқы таразысына салды.

«Дос-демеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанысбек Өтеген игерілмей жатқан жерлерге қатысты да пікір білдірді. Оның ойынша, мұндай жерді азаматтардан қайтаруға асықпау қажет. «Ең алдымен тиісті инфрақұрылымдарды жүргізіп, жерді игеру үшін жағдайлар жасалу қажет», – дейді ол.
.