Академик ұзақ өмір сүрудің құпиясымен бөлісті

720

Бүгін Оңтүстікке ҚР Тағамтану академиясының президенті профессор, академик Төрегелді Шарманов іс сапармен келді. Білікті дәрігер күнгейдегі емхана мен аурухана дәрігерлерінің басын қосып, арнайы форум өткізді.

Сондай-ақ, шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өзі қатысты. Облыс басшысы Төрегелді Шармановқа алғас хат табыс етіп, медицина саласына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Жиын барысында профессор жиналған қауымға ұзақ өмір сүрудің құпиясы, салауатты өмір салтын ұстаудағы басты қажеттіліктерді түсіндіріп берді.

Жиында сөз алған облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы 2018 жылды «Денсаулық жылы» деп жарияланғанын мәлімдеді. Кеш қонақтары үшін арнайы көрме ұйымдастырылды. Мұнда ағзаға пайдалы тағамдармен сұлулық тауарлары және денсаулық сақтау саласына қатысты ғылыми тәжірбиелік жобалар қойылған. Көпшілікті қоспасыз жасалған отандық өнімдер қызықтырды.

Лаура Нақыпқызы