Автокөлік ұрлаумен айналысқан күдікті ұсталды

371

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда белгісіз тұлға жасырын түрде «Опель Вектра» автокөлігін ұрлап кеткенін көрсеткен.

Жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Шымкент қаласының 1993 жылы туылған тұрғыны ұсталды. Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдікті ұрланған автокөлікпен бағанаға соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасап, белгісіз бағытқа бой тасалағаны анықталды. Күдікті қамауда. Бұрын-соңды екі рет сотты болған.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктінің автокөлік ұрлаудың 8 жайтына қатысы бар екенін анықтады. Аталған жайт негізінде бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласының тәртіп сақшылары автокөлік иелеріне көлікті ашық қалдырмауға кеңес береді. Мүмкіндігінше өз автокөлігіңізге дабыл жүйесін және күзетпен қамтамасыз етілген автотұраққа қойыңыз.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы