Егіз бүлдіршіндерді рұқсатсыз суретке түсірген азамат ұсталды

897

Шымкент қаласының тұрғыны белгісіз адамды кішкентай қыздарын заңсыз суретке түсірді деп айыптады, деп хабарлайды inform.kz ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше кешкісін сағат шамамен 20-45-те Шымкент қаласының Еңбекші ауданының Уәлиханов көшесі бойынша қоғамдық тәртіпті қорғау қызметін атқарып жүрген шолғыншы топтың бастығы, ефрейтор Бекзат Мамановқа бір азаматша сыртқы келбеті еуропалыққа ұқсас белгісіз адамды табуға көмектесуін өтінген.

Әйелдің айтуынша, көпқабатты тұрғын үйдің кіре берісінде, өзі жоқ кезде 25-30 жас аралығындағы үстіне ашық түсті күртеше киген күдікті жігіт оның 6 жастағы егіз қыздарын күш қолданбай шешінуге көндіріп, одан кейін планшетіне суретке түсіріп алған», – делінген таратылған ақпаратта.

Шолғыншы топтың бастығы бағыттаманы алғаннан кейін, жауынгерлік барлық кезекшілерге жіберіп, күдіктіні іздеуге кіріскен. Бір сағаттан кейін қатардағы шолғыншылар Бекжан Ыбыраев пен Әнуар Таңатаров бағыттамада көрсетілген адамды ұстады.