Úı ANONS 928 млн. теңгені заңсыз аударған

928 млн. теңгені заңсыз аударған

Прокуратура Түркістан облыстық ветеринария басқармасына қарасты «Ветеринариялық қызмет» мекемесінің басшылары мен жұмысшылары 3 жылда бюджеттің 928 миллион теңгесін заңсыз қолды еткенін анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, олар 2022-2025 жылдар аралығында сатып алу рәсімдері кезінде төлем құжаттарына әдейі жалған мәліметтер енгізген.

 

Сөйтіп заңсыз аударымдар жасаған. Ал іс жүзінде бұл қаражатқа ешбір қызмет көрсетілмеген. Тиісті тауарлар жеткізілмеген. Күдіктілер өз әрекеттерін жасыру үшін бірдей жеке сәйкестендіру нөмірлерін қолданып, тек ұйым атауларын өзгертіп отырған.

«Ветеринариялық қызмет» — шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын. Мекеме қаңғыбас иттерді аулау, ветеринариялық шараларды жүргізу, санитариялық бақылау, тіркеу және есепке алу сияқты қызметпен айналысады. Айта кетейік, 2024 жылы мекеме басшысы сотталған еді. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған. Сөйтіп сот оны үш жарым жылға бас бостандығын шектеген еді.

Дилара Иса