«Метрода» «Технодом» ашылды

638

Нұрсәт шағынауданындағы «Метро» сауда орталығында «Технодом» тұрмыстық техника дүкені ашылды. Ашылу салтанатына орай, мұнда техниканы 50 пайыздық жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндігіңіз бар.

Орталықта теледидарлар, ұялы телефондар, тұрмыстық газ плиталары және мұздатқышлардың кең таңдауы ұсынылған. Тәжірибелі кеңесшілер қажетті тауарды таңдауға көмектеседі. Метродағы «Технодомда» несие беру жүйесі қарастырылған. Бұл ретте дүкенде 5 бірдей банктің өкілдері қызмет көрсетеді.

Бүгінде сатып алушылардың қажетлігігін қамтитын ақылды дүкендер сұранысқа ие. «Метро» сауда орталығы тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін жайлы тұрақтарды қарастырып, сол жерден керекті заттарын сатып алуына толық жағдай жасаған. Жаңадан ашылған «Технодом» дүкендеріне мұнда 2 мыңнан астам шаршы метрлік ауқымды алаң ұсынылған.

Мұнда кез-келген техниканы несиеге алуға да болады. 2017 жылы несиеге сатып алынған электроника және техника тауарларның көлемі жалпы сауданың 45 пайызын құраған. Технодомның басшылығы бұл көрсеткіштер ағымдағы жылы да сақталады деген сенімде.

Технодом оператор АҚ электроника және тұрмыстық техника дүкендері желісінің жетекшісі. 72 дүкеннің 3-уі Бішкекте орналасқан. Компания 2002 жылы Алматыда құрылған.

«Метро» көтерме және бөлшек саудасының ең ірі халықаралық операторларының бірі. Компания әлемнің 35 елінде 150 мыңнан астам қызметкерімен жоғары деңгейде жұмыс істеуде. Соның нәтижесінде, сауда айналымы соңғы екі жылда 37 млрд. еуроны құраған.

Шынар Оразова