Наурыз мерекесіне арналған іс шаралар

1853

Биыл Шымқаламызда наурыз мерекесі ерекше тойланбақ. 5 күн бойы шымкенттіктер қаламыздағы көрікті жерлерде өтетін мерекелік іс шараларға қатыса алады.

20 наурыз
1. «Қошқар ата сейілі» көктем фестивалі. Қошқар ата өзенінің бастауы, сағат 11:00-13:00.
2. Мектеп оқушыларының арасында спорт ойындарынан лигалық жарыстар басталады. Қажымұқан атындағы орталық стадион, сағат 12:00.
21 наурыз
1. Жайна Шым — 2018 мерекелік фестивалі. Орталық саябақ, сағат 11:00-18:00.
2. Мерекелік концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, жаппай серуендер. Абай, орталық, Жеңіс, Наурыз (Сайрам тұрғын алабы) саябақтары, сағат 11:00-15:00.
3. Наурыз мерекесіне орай зообақтың маусымдық ашылуы. Шымкент зообағы, сағат 10:00-18:00.
4. Қала саябақтарындағы субұрқақтар маусымының ашылуы

22 наурыз
1. «With love from Shymkent» қалалық акциясы. Әуежайда қала қонақтарына қызғалдақ гүлін тарату.
2. Ұлттық ат спортынан жарыстар. Орталық ипподром, сағат 10:00-14:00.
3. Наурыз-думан мерекелік шеруі. Бәйдібек би ескерткішінен Наурыз алаңына дейін.
4. «Наурыз көктем – Шымқала!» мерекелік іс-шарасы. Наурыз алаңы, сағат 11:30-15:00.
5. Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама. Наурыз алаңы, сағат 18:00-21:30.
6. Мерекелік отшашу. Наурыз алаңы, сағат 21:30.

23 наурыз

1. Наурыз-айтысы. Түркістан сарайы, сағат 11:00.
2. «Nauryz Zhastar Fest» фестивалі. Әл-Фараби алаңы, сағат 10:00-18:00.

24 наурыз
1. «Ashyq Aspan» аэронавтика фестивалі. Орталық ипподром, сағат 10:00-12:30, 18:00-20:30.
2. Ташкент – Шымкент бағытында велошеру.
3. Ретро көліктер көрмесі. Әл-Фараби алаңы, сағат 10:00-19:00.
4 . Жас келіншектердің шеруі.
5. «Shymkent Throwdown — 2018» спорт жарыстары.