Облыстық сот шулы істерге шолу жасады

594

Сайрам аудандық ІІБ – ның бұрынғы бөлім басшысына қатысты сот процесі арнайы сараптама тағайындалғаны себепті тоқтатылған. Жол көлік оқиғасында адам қағып, қаза еткені үшін және екі адамның жарақаттануына себепкер болғаны үшін  жауапкершілікке тартылған.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығындағы былықтарға қатысты 13 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан іс барысы. Осы сынды қоғамда дүрбелең туғызған шулы істерге бүгін облыстық сотта шолу жасалды.

Төлеби аудандық ауруханасының бас дәрігеріне жала жапқан дәрігердің ісі бойынша да ақпарат берілді брифингте. Сондай – ақ, өткен жылдың қарашасында ауылдастарының қолынан қаза болған шұбарсулық спортшы М.Е ісіне қатысты да біз жолдаған сұраққа судьялардың жауабы дайын. Бұл іс бойынша күдікті ретінде Оразымбетов жауапқа тартылуда. Қазір жарыссөз жүріп жатыр екен.

ОҚО әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары мен тағы 4 күдіктіге қатысты Абай аудандық сотында қаралып жатқан сот барысы мен басқа да шулы істерге шолу жасалды.