Шулы істерге шолу жасалды

528

Мақтарал ауданы Жетісай қаласының бұрынғы әкімі Базарбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс Мақтарал аудандық сотында қаралады. ҚР ҚК -нің 366 бабының 2-ші бөлігімен айыпталған экс-әкімге қатысты сот процессуалды келісімге келген.

Осы және өзге де атышулы істер туралы бүгін облыстық сотта өткен брифингте айтылды. Сондай-ақ, Түркістан қаласының бұрынғы прокуроры Зұлпыхаровқа қатысты ҚР ҚК – нің 366 бабы, 4-ші бөлігімен қозғалған іс  ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралатын болды.

Тамара Смайлова, облыстық соттың судьясы: «Облыс қана емес, республика көлемінде қоғамның назарын аударған істердің бірі жұмыспен қамту саласына тиесілі. Жүнісәлиева және басқаларға, яғни 13 адам жауапқа тартылып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралады. Бұдан алдын бұл іс сотқа келіп түскен. Тек тіл мәселесіне байланысты шағым болғандықтан іс кері қайтарылған болатын. Ал Жамалбековтың ісі бөлек қаралады. Халықаралық іздеу жарияланған. Бұл іздеуге апелляциялық шағым келтірілген еді. Ол қанағаттандырусыз қалдырылды. Халықаралық дәрежедегі жарияланған іздеу әзірге нәтиже берген жоқ».

Сондай ақ, ОҚО соттарында қаралып жатқан қоғамның назарын аудартқан бірқатар істер туралы да мәліметтер берілді жиында. 2018 жылдың 1-ші наурызында ашылады деп жоспарланған тергеу соты туралы да сөз болды. Судьялардың айтуынша, ғимарат пен арнайы жабдықтар барлығы дайын. Тек сот төрағасы тағайындалып, біршама өзгерістер қабылдануы қажеттігінен кейінге қалдырылыпты.