Шымкентте тергеу соты жұмыс істей бастады

947

Шымкент қаласында тергеу соты ашылды. Шілденің 31-нен бастап Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты өз жұмысын бастады.

Таяуда ғана ҚР Президенті Жарлығымен аталған сотқа төраға боп Ғ. Мыңбатыров тағайындалған болатын. Шымкенттің тергеу сотында судьялар Қ. Анарбаев, С.Айнабеков, Н.Сарқұлов сот төрелігін жүзеге асыратын болады.

Сондай ақ, сотта кеңсе меңгерушісі, төрт бас маман – сот мәжілісінің хатшылары, кеңседе екі жетекші маман, 2 сот приставы қызметке кіріскен. Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты Тоқаев көшесі, 17 мекенжайында орналасқан.