Спортшыны өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

581

ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында кісі өліміне қатысты сот үкімі оқылды. Сотталушы Оразымбетов 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкіміне риза болмаған жәбірленушінің ата анасы мен туыстары облыстық апелляциялық алқаға шағым келтірмекші.

 

Ордабасы ауданының Шұбарсу аулының тұрғыны 21 жастағы спортшы жігітті ауылдастары текетірес кезінде пышақтаған. Сотталушы өз кінәсін сотқа дейінгі тергеп тексеруде мойындағанымен, сотта мойындамайтындығын айтты.

Каратэ спортынын талай сайыстарда топ жарған Мұрат Еркінбекұлын түн жарымда, сағат 12-лер шамасында үйінде жатқан жерінен ауылдас жігіттер шақырып алады. Өзара алауыздықты жұдырықпен шешпек болған жігіттерге көмекке келген Мұратты тасалау жерге алып шыққан топ пышақтап үлгірген.

Айдың күннің аманында ұлынан айырылып қалған ата-ана сотталушының кінәлі екендігіне сенбейді. Ұлын бір емес, бірнеше жігіт өлтірді деген сенімде.