Банк терминалын тонаған қылмыстық топ құрықталды

476
sputniknews.kz

Былтыр желтоқсанын айында Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-не, жергілікті тұрғын арызданып, онда белгісіз тұлғалар қалада орналасқан дәріханаға есігін бұзып кіріп, банк терминалының ішіндегі ақшамен қоса кассадағы 100 мың теңгеден астам қаржыны қолды еткенін көрсеткен.

Аталған дерек бойынша ОҚО ІІД КПБ және Абай ПБ-нің қызметкерлері бірлесе жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, үш жас жігіт анықталып ұсталды.
Полицейлер анықтағандай, күдіктілер түнгі уақыттарда дәріханалар мен азық-түлік дүкендеріне есігін бұзу арқылы кіріп, ақша, бағалы заттарды ұрлап отырған.
Полицейлер ұсталғандардың қала аумағында орын алған ұрлықтың 4 дерегіне қатыстылығын және жәбірленушілерге жалпы 300 мың теңгеден астам залал келтірілгенін анықтады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің «ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Шымкент каласының полицейлері өзін және өзінің мүлкін қылмыстық қол сұғушылықтан қауіпсіздендіру үшін тұрғындарға сақтық шараларын қабылдау қажеттігі туралы естеріне салады. Сонымен қатар, үй-жайларда сыртқы бақылау бейнекамераларын және күзет дабылдамасын, соның ішінде «дабыл нүктесін» орнатуға кеңес береді. Қабылданған шаралар сіздің мүліктеріңізді қаскүнемдерден қорғайды, сондай-ақ, полицейлерге қылмысты «ізін суытпай» ашуға мүмкіндік береді.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы