Кәсіпкерді қорқытып ақша алған сотталушыға қатысты сот процесі басталды

607

ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында кәсіпкерді қорқытып, бопсалаған сотталушыға байланысты сот процесі басталды.

Шымкент қаласының тұрғыны 51 жастағы азамат бірнеше жыл қатарынан облысымызға белгілі кәсіпкерге құнерездік жасап, ақша бопсалаған. Сотталушы қылмыс әлемінде «Ереха» лақап атымен танылған. Түркістан қаласындағы базарлардың бірінде жұмыс істеген ол жергілікті кәсіпкерлерді қорқытып үркітіп, ақша алумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесі дейді жәбірленуші тарап.

Сотталушы Е.С-ке ҚР ҚК-нің 194 бабы 4 ші бөлігі 2 ші тармағымен, 177 бабының 4-ші бөлігімен, 28 баптың 4-ші бөлігімен, 312 баптың 5-ші бөлігімен айып тағылып отыр. Бүгінгі сот отырысында айыпталушы тараптың адвокаты судьяның өтініш хатын қанағаттандырмағаны, тіпті қарамағаны үшін деп наразылық білдіріп, судьяны басқа судьямен ауыстыру қажет деп талап қойды.