Көлік доңғалағы арзандады ма?

586

Бүгінде темір тұлпарлардың доңғалақтарына сұраныс жоғары. Тасымал құралының ең басты бөлшектерінің бірі елімізде өндірілмейді. Кезінде Шымкенттегі шина зауыты бүкіл Орталық Азиядағы ірі өндіріс ошақтарының бірі болатын. Ішкі нарықты қамтамасыз етуден бөлек, шетелдіктерді де шинамен қамтамасыз еткен болатын. Алайда қарық қылмаған нарық заманында алып өндіріс орны жабылып тынды. Салдарынан шетелдік өнімге күніміз түсулі. Зырылдап жүрген көлік доңғалақтарының басым бөлігінің төркіні Қазақстан емес. Шетелдікі. Қытайлық, ресейлік өнімдер басым.

Берік Райымбек, сатушы: «Жүк көліктерінің, автобустардың, ХОВО жүк көліктерінің доңғалақтары сұранысқа ие. Бағалары аса қымбат емес. Қолжетімді. Фуралардың тіркемелердің балондарына да сұраныс жоғары. Қытайлық «Капсон» атты фирмамен келісімшартқа отырғанбыз. Өзіміз тікелей тасымалдаймыз. Сондықтан да бағасы базардағыдан арзандау. Сапасы өте жақсы. Өтімі де жоғары. Мәселен, «Жигули» көлігінің 13 – тік размерлі доңғалақтары – 7 900 теңге, 14-ші өлшемдісі – 9 500-10500, 15 – тік 12 000-15000 теңгеге дейін».

Жібек жолы көшесінің бойында орналасқан көтерме сауда орталығынан іздеген доңғалақ түрлерінің барлығын да табуға болады. Қытайдан тікелей тасымалдайтын болғандықтан базардағы бағадан айырмашылық бар. Алайда темір тұлпарының «аяқ киімі» ескіргенде жүргізушілер автокөлік базарындағы бағаға ұрынып қалатыны бар. Әрі арзан, әрі сапалы өнім іздегендер тікелей жеткізушілерден алғаны дұрыс әрине. Әрі қалтаға қонымды, әрі сапалы өнімге қол жеткізеді.

Сатып жатқан өнімдері тек қана қытайдыкі, сапасы ресейдікінен де жоғары дейді. Өйткені брендтік өнім. Тексерістен өткен. Дегенмен шымшаһардың шұрқ тесік көшелері қандай брендік өнім болса пайдалану мерзімін ұзаққа создырмасы анық. Оның үстіне бүгінде жаздық балондарды қыста ауыстырмаса айыппұл төлейтін шара қарастырылған. Сондықтан да көлік иелері маусым сайын доңғалақтарды ауыстыруы қажет.

Г.Жұмаш